
ЖАҢАТАҢНАН ШЫҚҚАН ИВАН ТАРИХ ЖАСАДЫ
24.09.2026
Азиада чемпионы туған жеріне оралды
28.09.2026Румыния астанасы Бухарестте тоғызқұмалақтан VIII әлем чемпионаты өтті. Ұлттық зияткерлік ойынымызды ұлықтаған дүбірлі додаға әлемнің 14 елінен 80-нен астам спортшы қатысуда.
Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған өңір спортшысы Әсет Қайыржанов үшінші орынға ие болды.
Бұл – өңірдегі тоғызқұмалақ мектебінің әлеуетін танытқан маңызды нәтиже. Ұлттық ойынымыздың халықаралық аренадағы беделі артып, батысқазақстандық спортшының әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізуі – зор жетістік.
Әсет Қайыржановты айтулы жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда толайым табыс тілейміз!
Айта кетейік Әсет бұған дейін әлем чемпионатында екі мәрте жеңіске жетті.





