
Қазақстан семсерлесу спорты тарихындағы үздік көрсеткіш
25.06.2026
Дарьяның күмісі – ел мерейі
26.06.2026Филиппин астанасы Манила қаласында самбодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлық додасының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық спортшы Сабина Құлымбетова алтын медаль жеңіп алды.
80 келі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан отандасымыз жарыс барысында жоғары шеберлік танытып, барлық қарсыласынан басым түсті. Нәтижесінде Сабина Құлымбетова Азия чемпионатының жеңімпазы атанып, Қазақстан қоржынына кезекті алтын жүлдені салды.
Манила төріндегі жарыста қазақстандық спортшының сенімді белдесулері оның жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Табандылық пен тынымсыз еңбектің арқасында Сабина құрлықтың үздік самбошыларының қатарынан көрініп, ел мерейін үстем етті.
Айта кетейік, Азия чемпионаты Филиппин астанасы Манила қаласында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде құрлықтың үздік самбошылары жүлделі орындар үшін сынға түсуде.
Сабина Құлымбетованы жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Бұл жетістік – қазақстандық самбо спортының дамуына қосылған үлкен үлес.





