
Түркістан төріндегі табыс
23.06.2026
Криштиану Роналду: Жек көру мен жақсы көрудің арасындағы алтын көпір
24.06.2026Қызылорда облысының Қармақшы ауданында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған жас зілтеміршілер қатысқан байрақты бәсекеде Батыс Қазақстан облысының құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы саны тоғыз медаль еншіледі.
Тартысты өткен жарыс қорытындысында батысқазақстандық спортшылар 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, өңір абыройын асқақтатты.
Сонымен қатар командалық есепте де облыс құрамасы үздіктер қатарынан көрінді. Қыздар құрамасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте ІІ орынды иеленсе, ұлдар құрамасы ІІІ орыннан көрінді.
Жас спортшылардың бұл жетістігі – жүйелі дайындық пен бапкерлердің тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Ел чемпионатында жүлдегер атанған өрендер алдағы уақытта халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғайды деген сенім мол.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының чемпионаты жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақ ұлттық құрама мүшелерін анықтауға мүмкіндік беретін маңызды дода саналады.




